Nutella® «Біздің сапа» тексеру бағдарламасы
SGS сараптамасы
SGS — 1878 жылы құрылған және Швейцарияда орналасқан әлемдегі жетекші инспекция, тексеру, тестілеу және сертификаттау компаниясы. SGS тәуелсіз қызмет көрсетуші компания ретінде сараптамалық білімге, тәжірибеге ие және ғаламдық ауқымдағы тестілеу зертханаларының дүниежүзілік желісін басқарады.
«Біздің сапа» тексеру бағдарламасы
SGS компаниясы FERRERO үшін NUTELLA® спреді мен оның ингредиенттерінің белгілі бір сапа стандарттарына сәйкестігін тексеру бағдарламасын орындайды.
SGS сапа стандарттарын NUTELLA® ерікті бағдарламасы аясында белгіленген критерийлерге сәйкес тәуелсіз тексереді. Бағдарлама аудиттерді, зертханалық талдаулар мен нарықты бақылауды біріктіреді.
Тексеру бағдарламасы 4 қағидаға негізделген:
1. САПА СТАНДАРТТАРЫ
Тексеру бағдарламасы жүзеге асырылатын сапа стандарттарының анықтамалық құжаттарын айқындау. Осы сапа стандарттары негізінде SGS оны іске асырудың стандартты жұмыс тәртібін жасады.
2. АУДИТТЕР
FERRERO уақыт өте келе тексеру бағдарламасында белгіленген сапа стандарттарына сәйкестікті қамтамасыз ету мақсатында барлық қажетті әрекеттерді орындауын растау үшін SGS аудиторлары жүргізетін тексеру жұмыстары. Аудиторлық қызмет екі кезеңнен тұрады:
Басты кеңселер: жеткізушілерді таңдау және бақылау критерийлерін тексеру және NUTELLA® «Біздің сапа» бағдарламасында белгіленген сапа стандарттарына сәйкестігіне кепілдік беру үшін жүргізілетін жыл сайынғы жарияланған тексеру
Өндірістік зауыттар: дүниежүзі бойынша NUTELLA® өндірілетін барлық өндірістік орындарында жүргізілетін жыл сайынғы жарияланған және жарияланбаған тексерулер. Осы тексерулер барысында SGS әкелінген шикізаттан бастап дайын өнімге дейінгі өндірістің әр сатысы үшін FERRERO белгілеген бақылау жоспарының орындалуын тексереді
3. ТЕСТІЛЕУ
Тәуелсіз зертханаларда жүргізілген талдаулар, белгіленген сапа стандарттарына сәйкестікті тексеру. Бұл талдаулар NUTELLA® өндірісінің әр зауытынан алынған ингредиенттер мен дайын өнім сынамаларына жасалады.
4. НАРЫҚТЫ БАҚЫЛАУ
Тестілеу және жапсырмаларды тексеру үшін өнімдер сынамасын сату орнынан кездейсоқ іріктеу арқылы алу.
Сапа стандарттарын тексеру
NUTELLA® спреді мен оның ингредиенттерінің сапасына сенімді болу үшін SGS белгілі бір сапалық сипаттамаларды тексереді.
NUTELLA® - FERRERO компаниясының тіркелген сауда белгісі.